29 наурыз 2020 16:14

Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Bloomberg Фото: Bloomberg

Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WEmedia PR агенттігіне сілтеме жасап.


Қытай миллиардері Джек Ма Қазақстанға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WEmedia PR агенттігіне сілтеме жасап.

Джек Ма және Alibaba қорлары коронавируспен күресуге қажет медициналық құралдарды Қазақстан, Әзербайжан, Бутан, Үндістан, Қырғызстан, Вьетнам, Өзбекстанға жібереді.

"7 мемлекетке 1,7 миллион медициналық бетперде, 165 мың тест жүйесі, қорғаныш киімдері мен медициналық құралдар: өкпені жасанды желдету аппараттары мен термометрлер жібереді. Осылайша, екі қор Азиядағы 23 мемлекетке көмек көрсетпек. Бұл елдерге 7,4 миллион бетперде, 485 мың тест жүйесі, 100 мыңнан астам қорғаныш киімдері  жіберіледі", - делінген PR агенттігі таратқан хабарламада.

Көмекті бірінші болып, Үндістанның Дели қаласындағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері алған.

Сондай-ақ, Италияға да осындай көмек көрселіпті.  Ондағы Қызыл Крест ұйымының қызметкерлері медициналық құралдарды тиісті орындарға таратады.

"Қалған елдер көмекті алдағы уақытта алады", - делінген агенттік таратқан хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети