Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Донецкіде атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қарамастан зауытта жарылыс болды

20 Қыркүйек 2014, 18:00
0
Кадр видео YouTube
Донецк зауытындағы өрт
Кадр видео YouTube Донецк зауытындағы өрт

 Әлеуметтік желілерде Донецкіде химиялық өнім шығаратын зауытта жарылыс болғаны жайлы ақпарат тарады, -деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.


Еске салайық, жақында Минскіде атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойылған болатын.

Әлеуметтік желілердегі ақапарттарға сүйенсек, жарылыс Донецк қаласының Куйбышев ауданындағы 12 тонна гексоген  (пластикалык жарғыш заттарды жасау үшін қолданылатын жоғары куатты жарғыш зат ) сақталған зауыттың жетінші цехында болған.
"Жарылыс болған ауданда тұрғындар қатты үрейленді. Өрттің түтіні қаладағы барлық аудандарға көрінді" дейді әлеуметтік желіні пайдаланушылар.
Оқиғаға куә болған тұрғындардың айтуынша, химиялық зауыттағы жарылыстан кейін Донецкінің Киров ауданында да қуатты екі жарылыс болған.
Зауыттағы өрт туралы деректерді украиндық БАҚ-да жоққа шығармайды. "Украинская правда" басылымының мәліметінше, таңертеңнен бері бір-екі дүркін атыс дыбыстары естілген. Сондай-ақ басылым Луганск облысында қаруланған адамдар бес мәрте қатарынан атыс-шабысты тоқтату туралы келісімді бұзғанын да жазады.  
Еске салайық, 19 қыркүйек күні Киев пен өзге тараптың өкілдері Ресейдің және БҰҰ қатысуымен бұл аймақта атыс-шабысты тоқтату туралы келісімге қол қойған болатын.

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай