13 сәуір 2022 10:21

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард доллар бөледі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард долларлық қолдау пакетін дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 миллиард долларлық қолдау пакетін дайындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Польшадағы Варшава Экономика мектебінде сөйлеген Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс банк Украинаға маңызды қызметтерді, соның ішінде ауруханалардағы жалақы, зейнетақы және әлеуметтік бағдарламаларды ұсынуға көмектесіп жатқанын айтты.

Оның айтуынша, бір күн бұрын бұл 1 миллиард долларлық пакеттің бір бөлігін Дүниежүзілік банктің құрамына кіретін және мүше елдердің ерікті қайырымдылықтары арқылы кедей елдерге көмек көрсететін несие ұйымы Халықаралық даму қауымдастығы мақұлдаған.

Дүниежүзілік банк өкілі бұған қоса Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) Украинаға 472 миллион доллар несие кепілдігін беретінін айтты.

Украинаға қолдау көрсету жоспары алдағы апталарда банктің директорлар кеңесінде қаралады.

Бұған дейін Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүниежүзілік банк Украинаға 3 миллиард доллар көлемінде қаржылық қолдау пакетін әзірлейтінін хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.73   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети