02 қазан 2014 12:32

Эбола безгегі құрбандарының саны 3300 адамнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sobesednik.ru ©sobesednik.ru

Батыс Африкада Эбола безгегі құрбандарының саны 3338 адамға жетті, вирусты жұқтырған тағы 7178 адам бар, - деп хабарлайды РИА Новости


Батыс Африкада Эбола безгегі құрбандарының саны 3338 адамға жетті, вирусты жұқтырған тағы 7178 адам бар, - деп хабарлайды РИА Новости

Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымының мәліметінше, 28 қыркүйек күні ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны осындай болды. Соңғы екі апта ішінде ауру жұқтыру көрсеткіші аз болды, бірақ бұл уақытта безгек деректерінің тіркелмей қалуы мүмкін деген жорамал бар.

Эбола безгегі осы жылдың ақпан айында Батыс Африкада өрши басталды. Ауру жұқтыру деректері Либерия, Сьерра-Леоне, Гвинея, Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы, Сенегал мемлекеттерінде тіркелді. 

Денсаулық сақтау ұйымы мамандары безгектің жаңа деректері санының "геометриялық прогрессия бойынша" көбейіп бара жатқанын айтты. Аурудан өліп кету көрсеткіші 53 пайызға тең. Бұл вирусқа қарсы тиімді вакцина әзірше жоқ.

Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети