24 ақпан 2021 12:42

Эквадор түрмелеріндегі тәртіпсіздік: 60-тан аса адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter.com/3MediaTelugu Фото: twitter.com/3MediaTelugu

Эквадор түрмелеріндегі тәртіпсіздіктен 60-тан аса адам қаза болды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.


Эквадор түрмелеріндегі тәртіпсіздіктен 60-тан аса адам қаза болды, - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Эквадордың үш түрмесінде, Гуаяс, Котопахи және Асуай провинциясында тұтқындар арасында тәртіпсіздіктер басталды. Басылым мәліметіне сүйенсек, 62 тұтқын тәртіпсіздік құрбаны болған.

Эквадор президенті Ленин Морено Twitter-парқшасында зорлық-зомбылықтың артында қылмыстық топтар тұрғанын жазды.

Reuters

Прокуратура Гуаякильдегі жағдайды бақылауға алған полиция тұтқындар камераларынан атыс қаруын, пышақтар мен ұялы телефондарды тәркілегенін хабарлады.

Reuters

Түрмелерде қаза тапқандардың бәрі тұтқын. Полиция қызметкерлері арасында қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, тәртіпсіздіктер себебі есірткі саудалайтын бандалар арасындағы күрес.

Бұған дейін Италия түрмелерінде коронавирус инфекциясы таралуын болдырмау шараларына қарсы тәртіпсіздіктер басталғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети