22 шілде 2022 09:03

ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 шілдеде Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


21 шілдеде Еуроодақ елдері Ресейге қарсы жетінші санкциялар пакетін енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейге қарсы шектеу шараларының жаңа пакеті "энергетикалық ресурстардан кейінгі ресейлік экспорттың ең маңызды элементі саналатын алтынды тікелей және жанама импорттауға, сатып алуға немесе беруге" тыйым салуды қамтиды. Тыйым Ресейден шыққан және елден экспортталатын алтынға қатысты.

Сонымен қатар, санкциялық тізімге 57 жеке және заңды тұлға енгізілді, олардың арасында Мәскеу мэрі Сергей Собянин, премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов, "Ростех" басшысы Сергей Чемезов, сондай-ақ ресейлік актерлер Владимир Машков пен Сергей Безруков бар.

Сонымен қатар, Еуроодақ ең ірі ресейлік банкке қатысты шектеулерді күшейтпекші. Сбербанк болашақта қаражаты мен экономикалық ресурстары жабық, қаржы институттарының біріне айналуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.14   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети