05 тамыз 2018 14:01

Ер адам көршілерінен кек алу мақсатында олардың балаларын өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Өзбекстан прокуратурасының медиа орталығы © Өзбекстан прокуратурасының медиа орталығы

Өзбекстанда ер адам көршілерінің әзіліне кек қайтару мақсатында олардың балаларын өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Сегіз жыл бойы ер адам қылмыс жасап, жазадан құтылып келген, - деп хабарлайды "Газета.uz".


Өзбекстанда ер адам көршілерінің әзіліне кек қайтару мақсатында олардың балаларын өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. Сегіз жыл бойы ер адам қылмыс жасап, жазадан құтылып келген, - деп хабарлайды "Газета.uz".

Ташщкент облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны Зохид Отабоев сегіз жыл ішінде 2003, 2005 жыне 2014 жылғы үш баланы өлтіріп, өз ауласында көміп тастаған. 

Мұндай ауыр қылмысқа барудың басты себебі "көршілерінен кек қайтару" болған. 2010 жылы 23 жастағы Отабоев ауылдастарыымен бірге тоқыма өндірісінде жұмыс істеген. Бір күні Аббос Отамурзаев, Шодиер Алибоев және Зуфар Азимбоев одан қашан үйленетіні жайлы сұраған. Отабоев оны еркектік намысыма тиді деп бағалап, кек қайтаруды жопарлаған. 

2010 жылы ол Аббос Отамурзаевтың 7 жастағы баласының басынан ұрып өлтіріп, ауласында көміп тастаған. Бірнеше айлар бойы ісдестіру жұмыстары жүргізілген, алайда еш нәтижесіз болған. Ешкім Зохидтан күдіктенбеген, себебі ол да іздестіру шараларына елмен бірге қатысқан. 

2014 жылы Отабоев Шодиер Алибоевтың 9 жастағы керең-мылқаулық ауруна шалдыққан ұлын өлтірген. Зохид баланы бірінші әдіспен өлтіріп, велосипедін өзенге лақтырып жіберген. Бірнеше аптадан соң ата-анасы велосипедті тапқан, алайда тергеуге бұл еш көмегін тигізе алмады. 

Үш жылдан соң Зохид Отабоев Наргиза есімді қызға үйленген, алайда қылмыс жасауды тоқтатпаған. 

Сол жылы қарашада Отабоев Зуфар Азимбоевтың 3 жасар баласын кетпенмен ұрған. Баласының ұзақ уақыт бойы көрінбегеніне алаңдаған анасы іздей бастаған. Осы кезде Отабоев баланы амбарға апарып, буындырып өлтірген. 

Баланың анасымен кезіккен Зохид баланы көрмегенін айтып, ары қарай үйіне барып баланы көміп тастаған. 

Үш күннен соң күдікті ұсталған. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети