06 қазан 2015 18:14

Ердоған: Ресей мен Түркияның арасындағы қарым-қатынас бұзылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ресейлік ұшақтардың 3 және 4 қазанда мемлекеттің әуе кеңістігіне кіруіне байланысты Ресей мен Түркиямен қарым-қатынасының бұзылуы мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған ресейлік ұшақтардың 3 және 4 қазанда мемлекеттің әуе кеңістігіне кіруіне байланысты Ресей мен Түркиямен қарым-қатынасының бұзылуы мүмкін екендігін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ресей қазіргі уақытта Сирияда база салғысы келеді, мұнысымен олар біздің әуе кеңістігімізді бұзып жатыр. Біз бұған шыдамды бола алмаймыз. Өкінішке қарай, соңғы күндері біз қаламаған оқиғалар болды. Бұл НАТО ұстанымдарына қайшы, бұл туралы өткір мәлімдемелер жасалды, НАТО-ның позициясы өзгермейді деп сенемін. Бұл позицияға сәйкес, Түркияға жасалған қандай да бір шабуыл НАТО-ға жасалған шабуыл деп қарастырылады", - деді Ердоған Бельгияға барған сапарының барысындағы Брюссельдегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Ресей мен Түркияның арасындағы жақсы деңгейдегі қарым-қатынас осы оқиғалардан кейін бұзылуы мүмкін. "Егер Ресей өзінің досынан айырылса, оның шығыны көп болады", - деп атап өтті түрік президенті.

Еске салайық, НАТО өкілдері ресейлік Су-30 және Су-24 ұшақтарының 3 және 4 қазан күндері түрік билігінің ескертуіне қарамастан әуе кеңістігіне кірген. Алайда РФ Қорғаныс министрлігінің өкілдері дүйсенбі күні 3 қазанда ресейлік Су-30 ұшағының түріктің әуе кеңістігіне бірнеше секундқа кіргенін мәлімдеді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиғаға қолайсыз ауа райы себеп болған. 

Өз кезегінде Түркияның премьер-министрі Ахмет Даутоғлы бұл оқиғаның елдер арасындағы қарым-қатынасына қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Мәскеу бұл оқиғаның қателіктен болғанын Анкараға хабарлаған. Мәскеу, оның айтуынша, мұндай оқиғаның қайталанбайтынын айтып сендірген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети