14 желтоқсан 2016 19:34

Ердоған Түркияға тарихтағы ең үлкен шабуыл жасалғанын жария етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Түркия президенті Режеп Ердоған елге жасалған тарихтағы ең ірі шабуыл туралы айтып берді, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Түркия президенті Режеп Ердоған елге жасалған тарихтағы ең ірі шабуыл туралы айтып берді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Президенттің сөзінше, Түркияға террористік топтар тарапынан зор қауіп төніп тұр, осыған байланысты ел жауапты шаралар қолдануы қажет. Бұл сөзді Эрдоған жергілікті әкімшіліктер басшыларымен кездесуінде айтты. Түркия үшін ең ірі қауіп ретінде ол "ДАИШ" (Қазақстанда тыйым салынған) пен Күрдістан жұмысшы партиясының содырларын атады.

10 желтоқсан кешкісін Ыстамбұл орталығындағы Бешикташ ауданында орналасқан Vodafone Arena стадионы маңында жарылыс болған. Террористер полицейлер мінген автобусты нысанға алған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, 44 адам мерт болып, 155 адам жараланған. Теракт үшін жауапкершілікті "Күрдістан жұмысшылар партясынан" бөлініп шыққан "Күрдістан бостандығының сұңқарлары" ұйымы мойнына алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети