08 тамыз 2016 08:10

Ердоған Ыстамбұл орталығындағы митингке 5 миллион адам жинады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ыстамбұлдың Йеникапы ауданында билікті қолдау митингіне бес миллион адам қатысқан, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Түркия қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздің мәліметінше, акцияға қатысушылардың санын шарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полиция тікұшағынан түсірілген суреттерге қарап анықтау мүмкін болған.


Ыстамбұлдың Йеникапы ауданында билікті қолдау митингіне бес миллион адам қатысқан, - деп хабарлайды Anadolu агенттігі. Түркия қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздің мәліметінше, акцияға қатысушылардың санын шарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз еткен полиция тікұшағынан түсірілген суреттерге қарап анықтау мүмкін болған.

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шығып, сөз сөйлеген болатын. Ол 15 шілдеде бүлік кезінде қаза тапқандарды еске алды. Оның айтуынша, 15 шілдеде түнде алаңдар мен көшелерге шыққан азаматтардың өлімнің өзін жеңген. "Олар тарихта өз аттарын алтын әріптермен жазып кетті", - деді Ердоған. 

Түркия президенті елдегі билікті күшпен басып алу әрекетіне қатысқандарға қатысты өлім жазасына кесу талабын қолдайтынын мәлімдеді. "Бүгін мұнда саяси партиялардың төрағалары бар. Әрбірі бұл елдегі биліктің халыққа тиесілі екенін біледі, азаматтар өлім жазасын талап етіп отыр. Ал мұндай талапты қарастыратын инстанция - Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы (парламент - Авт.). Егер парламент осындай шешім шығарса, кейінгі процедуралар белгілі. Егер бұл іс бекітілсе, ашық мәлімдеймін - мен заңға қол қоямын", - деді Ердоған. 

Еске салайық, осыған дейін Түркия АҚШ-тан оппозициялық ислам уағызшысы төңкеріс ұйымдастырды деп күдік түскен Фетхуллах Гүленді беруді талап еткен болатын. Таяуда БАҚ-тарда оны Түркияға АҚШ-тың бермейтінін, және бұған себеп ретінде қажетті түрде дәлелдің келтірілмегені айтылған болатын. Түркия мен АҚШ-тың ресми өкілдері Гүленді экстрадициялау туралы сөз қозғаған. Алайда Анкараның билік өкілдері әлі уақытқа дейін америкалық шенеуніктерге Гүленнің төңкеріс жасамақшы болған әрекетін дәлелдей алмай отыр. Сонымен қатар, Гүленді экстрадициялау туралы шешімнің әлі қабылданбағаны айтылады. Бұл іске байланысты келіссөздер бірнеше айға созылуы мүмкін. Ал Гүленнің өзі бүлікті сөгіп, өзінің бұл іске қатысы жоқ екенін мәлімдеген еді.

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.

Кейіннен Ердоған FaceTime арқылы халыққа үндеу жасап, адамдар көшеге шыққан еді. Түрік Президенті әскери төңкерілісті ұйымдастырғандарды қатаң жазалауға уәде берген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети