26 мамыр 2022 06:50

Ерлі-зайыпты 60 жылдан кейін үйлену тойын жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: dailymail.co.uk Фото: dailymail.co.uk

90 жастағы шотландиялық Алекс Гамильтон мен оның 89 жастағы қалыңдығы Джейн 60 жылдан кейін үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


90 жастағы шотландиялық Алекс Гамильтон мен оның 89 жастағы қалыңдығы Джейн 60 жылдан кейін үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алекс пен Джейн алғаш 1956 жылы кездескен. Ол кезде екеуі де басқа адамдармен некеде болған. Кейінірек екі неке де бұзылып, Джейн мен Алекс арасында романтикалық қарым-қатынас басталды. Алекстің бірінші некеден екі ұлы, ал Джейннің қызы болған.

Көп ұзамай ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасайды, бірақ тұрмыстық жағдайға байланысты үйлену той жасамайды. Мерекені үнемі кейінге қалдырып келген жұп, 60 жыл өткеннен кейін тойлауға шешім қабылдаған.

Салтанатты шараға олардың бес баласы мен 11 немересі қатысты. Балалар үшін ата-анасының тойы тосын сый болған.

"Әдетте бұл жастағы адамдар өлім туралы ойлайды. Үйлену тойы үлкен мереке, ол өте әдемі болды", - дейді олардың 59 жастағы қызы Салли Макдональд.

Қызының айтуынша, ұзақ өмір сүргеніне қарамастан, ата-анасы әлі күнге дейін романтикалық кештер өткізеді, бір-бірімен сырласады.

"Әкем әрқашан анам өмірінде көрген ең әдемі әйел екенін айтады. Олар өте жарасымды жұп", - деді қызы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети