08 қазан 2020 07:18

Еуропада COVID-19 жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Еуропаның бірнеше елінде коронавирус жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еуропаның бірнеше елінде коронавирус жұқтырғандардың рекорд көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Францияда соңғы тәулікте 18 746 адам COVID-19 жұқтырды. Бұған дейін тәулігіне тіркелген жоғары көрсеткіш 16 мыңнан асатын. Пандемия басынан бері Францияда коронавирус жұқтырғандар саны 653 мыңнан асты, 32 445 науқас қайтыс болды. Парижде шағын асханалар екі аптаға жабылды.

Испанияда Мадридтен кейін Кастилия аймағының екі қаласында Паленсия және Леонда қатаң карантин енгізілді.

Польшада 3003 адам ауырып, рекорд жағдай анықталған. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың да рекорд көрсеткіші тіркелді - 75 адам. Пандемия басынан бері Польшада коронавирус жұқтырғандар саны 107 319-ға жетті.

Словакияда да COVID-19 жұқтыру жағдайының рекорд көрсеткіші тіркелді. Өткен тәулікте 877 адам ауырғаны анықталды. Жалпы елде 14 689 жағдай тіркелді, 5 200 науқас жазылды, 55-і қайтыс болды.

"Біз үшін ауыр күндер басталды және әрине, жаңа рекордтар болады", - деді Словакия премьері Игорь Матович.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети