01 сәуір 2021 10:34

Ever Given кемесі тергеу аяқталғанға дейін Суэц каналынан жіберілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Суэц каналының бұғатталуына себеп болған Ever Given кемесі тергеу аяқталғанға дейін жіберілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.


Суэц каналының бұғатталуына себеп болған Ever Given кемесі тергеу аяқталғанға дейін жіберілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы арна әкімшілігінің басшысы Усама Рабиа хабарлады.

"Кеме тергеу аяқталғанша сол жерде болады", - деді ол жергілікті телеарнаның эфирінде.

Жетекші тергеу капитаны Сейид Шейша кеменің техникалық жағдайы және капитанының әрекеттері тексеріледі деп мәлімдеді. Шейшаның айтуынша, Ever Given капитаны тергеу талаптарын толығымен орындады. Іс екі жылға созылуы мүмкін.

"Біз кемеде қандай жабдық болғанын және оның жұмысын мұқият анықтауымыз керек. Экипаж тергеумен келіспеген және барлық ақпаратты беруден бас тартқан жағдайда кемені және ондағы жүкті тәркілеуге тура келеді", - деп түсіндірді Шейши.

Сонымен қатар, Рабиа Суэц каналының бітелуінен келген жалпы шығын шамамен 1 миллиард доллар болуы мүмкін екенін айтты.

"Есептеулер жүргіземіз. Оқиғаның алғашқы күнінен бастап пайдаланған барлық қаражатты, тәулік бойы жұмыс істеген сүйреткіштер мен түбін тереңдететін кемелердің шығынын ескереміз. Ол айтарлықтай сома", - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Суэц каналындағы қозғалысқа тосқауыл қойған кеме 27 мың текше метр құм алынғаннан кейін жағадан шығарылды.

Ever GiveShoei Kisen KK жапон компаниясына тиесілі, шамамен 224 мың тонна жүк көтере алатын Ever Given кемесі Қытайдан Нидерландыға бағыт алған. Кеме сейсенбі күні арнаның 151-ші шақырымында жағалауға тіреліп, басқа кемелердің қозғалысын бұғаттап тастады. Канал Жерорта және Қызыл теңіздерін байланыстырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети