16 қазан 2022 16:42

Филлипинде белгісіз біреулер турист әйелді 20 күн бойы ит торында ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

5-tv.ru 5-tv.ru

Филиппиндегі түнгі клубтың бірінен белгісіз біреулер қытайлық турист ұрлап, 20 күн бойы ит торында ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.


Филиппиндегі түнгі клубтың бірінен белгісіз біреулер қытайлық турист ұрлап, 20 күн бойы ит торында ұстаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап.

Анхелес қаласында Шанхай тұрғынына құрбысымен серуендеп жүргенде шабуыл жасалған. Кейін қыздың сүйіктісі полицияға жүгінген. Ер адам оның телефонына белгісіз нөмірден видео жіберілгенін, онда оның сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрып жатқанын айтты. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, шабуыл жасағандар 180 мың фунт стерлинг төлем талап еткен.

Жәбірленуші қасқүнемдерден қашып үлгерген, кейін полиция қызметкерлері әйелді тапқан. Тәртіп сақшылары турист қамалған үйге барған, алайда күдіктілер оқиға орнынан қашып үлгерген. Тәртіп сақшылары бұл үйде ішінде жастық пен шелек тұрған ит торының болғанын растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети