05 қыркүйек 2016 | 10:21

Фин профессоры Өзбекстан президентін қалай құтқармақшы болғанын айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Былтыр Юха Хернесниеми зейнетке шықты, бірақ қызметін жалғастырып жүр © hs.fi Былтыр Юха Хернесниеми зейнетке шықты, бірақ қызметін жалғастырып жүр © hs.fi

Атақты фин нейрофигургі, әлемдегі бас ми артериясы аневризмінің маманы Юха Хернесниеми инсульт алған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің жағдайына қорытынды медициналық сараптама жасауға шақырылған дәрігерлердің бірі болды, - деп жазады YLE.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Атақты фин нейрофигургі, әлемдегі бас ми артериясы аневризмінің маманы Юха Хернесниеми инсульт алған Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің жағдайына қорытынды медициналық сараптама жасауға шақырылған дәрігерлердің бірі болды, - деп жазады YLE.

Басылымның мәліметінше, өткен сенбі күні оған оның Қазақстандағы бұрынғы шәкірті жедел шаруамен хабарласқан. "Мен басқа елдерде көп ота жасадым. Және бұл өтінішті орындау маған еш қиындық туғызбады. Маған Хельсинкиге жеке ұшақ келді, содан біз Өзбекстанға Германия арқылы ұшып бардық", - деді фин дәрігері.

Айта кетейік, Хернесниемиден басқа Ресей мен Германиядан да дәрігерлер келген болатын.

Хельсинкидағы клиниканың бұрынғы профессоры, 70-тен аса науқасты емдеген дәрігер Өзбекстанға келгенде президенттің жағдайы қандай болғанын айтып берді.

"Бұл кезде ота жасаудың қажеті де болмады. Мен емді әрі қарай жалғастыру керек деп санамадым. Науқас өлі күйде болды. Мамандар өздерінің медициналық қорытындаларын жасады", - деді ол.

Сондай-ақ, басылымдағылардың мәліметінше, дәрігер бұл жағдайда көшбасшының өлімі жайлы біраз уақыт жарияламайтынын айтқысы келген. Хернесниемидің айтуынша, осыған ұқсас жағдай Израильдің бұрынғы премьер-министрімен де болған. Ариэль Шарон пен испаниялық диктатор Франсиско Франко да ұзақ уақыт комада жатқан екен. 

Еске салайық, Өзбекстан президенті Ислам Каримов 78 жасында қайтыс болды. Ислам Каримовті жерлеу рәсімі Самарқанда 3 қыркүйекте өтті. Президенттің қазасына байланысты Өзбекстанда үш күнге қаралы күн жарияланады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Нигматилла Юлдашевке көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Конституцияға сәйкес, президенттің міндетін уақытша орындаушы - Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісінің Сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев. Сондай-ақ, кейіннен Ислам Кәрімовтің неден қайтыс болғаны туралы медициналық қорытынды жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer