04 қаңтар 2022 13:48

Франция оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews.kz Фото: Тengrinews.kz

Марсельдегі жұқпалы аурулар институтының (IHU) мамандары қала тұрғындарынан коронавирустың жаңа штаммын тапты. Бұл туралы медицина саласындағы ғылыми мақалалар жарияланатын MedRxiv порталындағы зерттеуде жазылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ғалымдардың айтуынша, 12 адамда коронавирус нұсқаларына байланысты мутацияны анықтауға арналған тесттер "бұрын болмаған комбинацияны" көрсеткен.

Вирустың жаңа нұсқасына B. 1.640.2 деген атау берілген. Ол алғаш рет қарашада Камеруннан оралған адамнан анықталған. Зерттеушілер геном талдамасынан 46 мутация табылғанын айтады.

"Осылайша, геномдық мутацияның үлгісі жаңа нұсқаны көрсетіп тұр, біз оны IHU (университет атауына ұқсатып) деп атадық", - деп жазды олар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети