10 қаңтар 2015 15:56

Франция полициясы өлтірілген лаңкестің қаруланған сыбайласын іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Франция полициясы өлтірілген лаңкес, 32 жастағы Амеди Кулибалидің сыбайласы болуы мүмкін делінген қызды іздеуді жалғастырып жатыр, оған полиция қызметкерін өлтірді және Париждің шетіндегі супермаркетте адамдарды кепілге алды деген күдік түсті, - деп хабарлайды BBC

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 26 жастағы Хаят Бумеддьен қарулы әрі қауіпті. Оған терроризмге көмектесу бойынша күдік келді. Франция полициясының қызметкерлері суперпаркетке жасалған шабуылда қыздың қаза болғандардың да, жарақат алғандардың да қатарында жоқ екенін айтты.  

Еске сала кетейік, 9 қаңтарда Амеди Кулибали екі бірдей Калашников автоматпен Париждегі Венсен қақпасы ауданында супермаркетке баса-көктеп кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алған. Жергілікті уақытпен сағат 17.00 шамасында арнайы қызмет дүкенге шабуыл жасап кірді, қылмыскер оқиға орнында өлтірілді. Жалпы 4 адам қаза тапты, тағы 15-і босатылды.   

Ал осының алдына қылмыскер өз талабын айтқан болатын. Ол Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасауға күдікті болған ағайынды Сайд пен Шериф Куашилерді босатуды сұрады. Бұл уақытта ағайындылар Париж түбіндегі баспахана ғимаратында қамалған еді. Франция полициясы оларды дүкендені лаңкеспен бір уақытта көзін жойды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети