01 наурыз 2017 16:54

Франция президенттігіне үміткердің әйелі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Global Look Press © Global Look Press

Францияның бұрынғы премьер-министрі, президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынған Франсуа Фийонның жары Пенелопа Фийон ұсталып, артынша қамауға алынған. Қазіргі уақытта тінту жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Twitter желісінде Mediapart басылымының қызметкері Эллен Салви өз аккауынтында жазған. 


Францияның бұрынғы премьер-министрі, президенттік сайлауда өз кандидатурасын ұсынған Франсуа Фийонның жары Пенелопа Фийон ұсталып, артынша қамауға алынған. Қазіргі уақытта тінту жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Twitter желісінде Mediapart басылымының қызметкері Эллен Салви өз аккауынтында жазған. 

"Пенелопа Фийон қамауға алынды, тінту жүріп жатыр. Дереккөз "Республикашыл" партиясының жақтасы", - деп жазды журналист. 

Сәрсенбіде Фийон әйелінің жұмысқа орналасуы жөнінде жауап алғаны белгілі болды. Кандидаттың жақтастары осы мәселеге байланысты пікір білдіруден бас тартқан. 

Пенелопа Фийонның мәселесі Canard enchaine сатиралық газетінде сегіз жыл бойы парламентарийден Франсуа Фийонның көмекшісі ретінде айлық алып келгені жайлы жазылған мақаладан кейін басталған. 

Басылым мәліметінше, 1998-2002 жылдар аралығында Пенелопа парламентарий қызметтеріне бөлінетін қаржыдан айлық алып отырған.

Осындай айыптаулар Фийонның екі баласына да қатысты айтылып отыр. Газет Францияда туысыңды, жақыныңды жұмысқа алу заң жүзінде рұқсат етілгенін, бірақ ол фиктивті болмауы керек екенін жазды. 

Президенттіктен үміткер БАҚ бетінде шыққан мақаланы жоққа шығарды, ол әйелінің 1981 жылдан бері өзімен бірге жұмыс істеп келе жатқанын айтқан. 

Ол осы айыптауларды өзіне жасалған қастандық, яғни президенттіктен кандидатурасын алып тастауы үшін жасалған іс деп мәлімдеп отыр. 

Францияда президент сайлауы екі кезеңмен өтеді: біріншісі 23 сәуірде, екіншісі 7 мамырда. 

Еске салайық, АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы Францияда құрметтейтіндер оны ел президенттігіне үміткер болуға көндірмекші деген мәлімет тараған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети