19 наурыз 2019 10:21

Францияда балаға Гризманн Мбаппе есімін беруге тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Францияның Брив-ла-Гайард қаласының соты сәбиінің есімін Франция құрамасының футболшылары Антуан Гризманн мен Килиан Мбаппенің есімімен қойғысы келген ата-анаға жаңа есім беруді міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости, As және La Montagne газетіне сілтеме жасап. 

Жазда Франция құрамасы Ресейде өткен әлем біріншілігін жеңді, ал Хорваттармен өткен финалдық кездесуде Гризманн мен Мбаппе бір-бір голдан салды. Француздық жұп қарашада дүниеге келген сәбиіне Гризманн Мбаппе деген есім беруді ұйғарған, алайда АХАЖ органы қызметкерлері осыған назар аударып, прокуратураға шағым түсірген. 

Бес айға созылған сот отырысының нәтижесінде ата-анаға балаға футболшылар есімін беруге тыйым салынған. Сот үкімінде баланың есімін Гризманн Мбаппе деп қою БҰҰ Балалар құқығы конвенциясының бабына қайшы келеді екен. Жергілікті France Bleu Limousin радиостанциясының мәліметінше, жұп кейін сәбиге Дани Ноэ есімін берген. 

Франция заңы бойынша ата-аналар балаларына кез келген есім бере алады, алайда кейбір шектеулер бар. Есім адамның абыройына нұқсан келтірмейтіндей болуы керек, мысалы, балағат сөздер немесе күлкілі естілген жағдайда; қиын болмауы; шетелдік символдардан тұрмауы - барлық әрпі латынша жазылуы керек. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети