09 ақпан 2015 18:11

Францияда белгісіз біреулер полицияға оқ жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгісіз біреулер Марсель қаласында полиция қызметкерлеріне оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы BFMTV телеарнасына сілтеме жасап. Марсель полицейлері кварталды қоршауға алды.


Белгісіз біреулер Марсель қаласында полиция қызметкерлеріне оқ атты, - деп хабарлайды РИА Новости ресурсы BFMTV телеарнасына сілтеме жасап. Марсель полицейлері кварталды қоршауға алды.

Оқиға Бесінші француз феспубликасының премьер-министрі Мануэль Вальстің іссапарының қарсаңында болды. Ол 9 ақпанда түстен кейінгі уақытта келуі керек болған. Марсель полициясы зардап шеккендер туралы хабарламай отыр. 

Францияда қаңтар айының басындағы лаңкестіктер мен төтенше жағдайлардан кейін елде қауіпсіздік шаралары күшейтілген болатын. Үш күннің ішінде 17 адам қаза болды, оның ішінде үш полицей бар. Екі операцияның барысында лаңкестер өлтірілді. Оқиға 7 қаңтарда тағы да жалғасты. Ағайынды Куашилер Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын салған Charlie Hebdo редакциясына шабуыл жасады. 

Кейін, 8 қаңтарда француз астанасының оңтүстігіндегі Монружда тағы бір лаңкес полиция қызмкеткері мен жол қызметінің агентін атып тастап, оқиға орнынан қашып кетті. Полиция қызметкері қаза болды. Ал 9 қаңтарда ер адам Париждің Венсен қақпасының алдындағы ауданда супермаркетке басып кіріп, оқ атып, адамдарды кепілге алды. Арнайы қызмет өкілдері оның көзін жойды. Марсель полициясы қазіргі уақытта бұл оқиға туралы тергеу жүргізіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети