02 тамыз 2021 13:27

Францияда COVID-паспортына қарсы 200 мыңнан аса адам наразылыққа шықты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Францияда міндетті вакцинация мен COVID-паспортына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Францияда міндетті вакцинация мен COVID-паспортына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Францияның Ішкі істер министрлігі мәліметінше, елдің барлық қаласында 200 мыңнан аса адам наразылық акциясына шыққан. Наразылық акциялары Париж, Марсель, Ницца, Лион, Монпелье және бірнеше кіші қалада өтті.

Наразылықтың жаңа толқыны Франция президенті Эммануэль Макрон міндетті вакцинация мен COVID-рұқсаты туралы заң жобасын ұсынғаннан кейін басталған. 27 шілдеде ел парламенті бұл заңды мақұлдады.

Reuters мәліметіне сүйенсек, Парижде 14,2 мың адам көшеге шыққан. Олар "Бостандық!" деп ұрандатқан. Жалпы наразылық шерулеріне төрт өтініш берілген. Олардың ең ауқымдысы қаланың солтүстік бөлігіндегі Бастилия алаңында және Монпарнассе станциясынан Фонтенуа алаңына дейін өтті.

Сондай-ақ, полиция көзден жас ағызатын газ қолданған. Наразылықтарды басу кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері зардап шеккен.

12 шілдеде Франция президенті медицина қызметкерлерін міндетті вакциналау туралы шешім қабылдады, сондай-ақ 21 шілдеден бастап теріс ПТР-сынамасынсыз және толық вакцинациядан өтпей кинотеатрға, барға баруға және пойыздар мен ұшақтарға билеттер сатып алуға шектеу қойылды. Сондай-ақ, елде "денсаулық паспорттары" енгізілді. Олар адамның вакцина алғанын, коронавирусқа тапсырған сынамасы теріс нәтиже көрсеткенін немесе емделгенін растайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети