30 қазан 2020 08:12

Францияда пышағы бар тағы екі адам ұсталды және бір адам өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости / Police Nationale © РИА Новости / Police Nationale

Бір күнде Францияда төрт рет және ел шекарасынан тыс жерде екі рет антифранцуз агрессиясының эпизоды тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Бір күнде Францияда төрт рет және ел шекарасынан тыс жерде екі рет антифранцуз агрессиясының эпизоды тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.

CNews телеарнасының мәліметінше, пышақпен шабуыл жасауға тырысқан ер адам Лионда ұсталған. Полицияның хабарына қарағанда, ол теракт ұйымдастыруды көздеген.

Париж маңындағы шіркеуде шабуыл жасауға дайындалып, пышақпен қаруланған ер адам да ұсталған.

Одан бұрын Авиньон қаласында "Аллаху акбар" деп айғайлап, полицейге шабуыл жасағысы келген ер адамға тәртіп сақшылары оқ атты, деп хабарлады Europe 1 радиостанциясы.  

Еске салайық, кеше, 29 қазанда Ниццада белгісіз біреу Нотр-Дам шіркеуінде адамдарға пышақпен шабуыл жасағаны және кейін оның ұсталғаны хабарланған еді. 

Қала мэрі Кристиан Эстрози бұл террористік шабуыл екенін мәлімдеді және Ниццаға президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Жан Кастекс келетінін айтты.

Екі апта бұрын Париж маңында мұғалім Самюэль Патидің басы кесілген болатын, ол сабақта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Макрон бұл оқиғаны теракт деп атап, Франциядағы сепаратизмге қарсы күрес жариялаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети