09 желтоқсан 2020 09:26

Францияның экс-басшысы Николя Саркози 4 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николя Саркози. Фото: Charles Platiau / Reuters Николя Саркози. Фото: Charles Platiau / Reuters

Прокуратура Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, олардың екеуі шартты болады. Саркози сыбайлас жемқорлық пен ықпал ету саудасы үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Прокуратура Францияның бұрынғы президенті Николя Саркозиді төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті, олардың екеуі шартты болады. Саркози сыбайлас жемқорлық пен ықпал ету саудасы үшін айыпталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл іс бойынша айыпталушылардың арасында Саркозидің адвокаты Тьерри Эрзог және кассациялық соттың бұрынғы аға қызметкері Жильбер Азибер де бар. Оларға да прокуратура дәл осындай жазаны талап етті - төрт жылға бас бостандығынан айыру, олардың екеуі шартты түрде.

Тергеу мәліметтері бойынша, Саркози өз адвокаты Тьерри Эрзога арқылы Азиберге Монакода лауазымға ие болуға көмектесуге уәде берген. Бұған "рақмет" ретінде экс-президент одан L'Oreal француз компаниясының мұрагері Лилиан Беттанкурдан Саркозидің 2007 жылғы президенттік науқанын заңсыз қаржыландыру мүмкіндігі жайлы тергеуге қатысты құпия ақпаратты сұраған-мыс.

Француз БАҚ-тарының хабарына қарағанда, президенттік науқанды қаржыландыру ісін тергеу аясында тергеушілер 2013 жылдың қыркүйегінде Саркозидің телефон арқылы сөйлесулерін тыңдай бастаған. 2014 жылдың басында олар саясаткер өз адвокаты Эрзогпен жалған есімдермен тіркелген ұялы телефондар арқылы сөйлескенін анықтады.

Еске салайық, Францияның экс-басшысына қатысты сот процесі былтыр қарашада басталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети