1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Гаитиде жанармай таситын көлік жарылды: қаза тапқандар бар 16 желтоқсан 2021, 16:10

Гаитиде жанармай таситын көлік жарылып, салдарынан 75 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Гаитиде жанармай таситын көлік жарылып, салдарынан 75 адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Дәрігерлер тағы бірнеше адамның өмірі үшін күресіп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, жанармай әкеле жатқан көлік қарсы алдынан шыға келген мотоциклден жалтарамын деп аударылған.

Осы сәтті пайдаланған адамдар сұйық отынды шелекке құйып, таси бастаған екен. Сол кезде жанармай қалдығы жақын маңда жанып жатқан қоқысқа тиіп, соңы жойқын жарылысқа ұласты. Қайғылы оқиғаға байланысты елде 3 күн қаралы деп жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram