16 тамыз 2021 10:43

Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 1297-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гаитиде жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1297 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Гаитиде жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 1297 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

7,2 баллдық жер сілкінісі Кариб теңізіндегі мыңдаған үйлер мен ғимараттарды қиратты. Гаитидің Азаматтық қорғау агенттігі кем дегенде 5,7 мың адам жарақат алғанын, олардың 3,2 мыңы ауруханаға жатқызылғанын мәлім етті.

Негізгі соққы Гаитидің оңтүстік-батысында болып, Ле-Ке қаласы қатты зардап шекті. Іс жүзінде елдің барлық ауруханасы жараланғандарға толы, ал елордада және зардап шеккен аудандарда жедел қызметтер үйінділерді ашып үлгере алмай жатыр.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте, Порт-о-Пренс астанасынан 125 шақырым жерде болған. Жер асты дүмпулері көрші елдерде, оның ішінде АҚШ-та сезілді.

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) әкімшісі Саманта Пауэрдің айтуынша, Америка Құрама Штаттары гуманитарлық көмек жіберіп, мамандандырылған жабдықтары бар 65 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобының жұмысын бастады.

 Көршілес елдер, соның ішінде Доминикан республикасы мен Мексика қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді әуе арқылы және құрлық шекарасы арқылы жіберді.

Еске салайық, Гаити жағалауында 7,2 баллдық жойқын жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) табиғи апаттан қайтыс болғандардың саны бірнеше мың адамға, зардап шеккендердің саны ондаған мыңға жетуі мүмкін деп болжайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети