14 тамыз 2021 22:48

Мыңдаған адамның өмірін жалмаған болуы мүмкін. Гаитиде жойқын зілзала тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter / Patrick Gaspard Twitter / Patrick Gaspard

Гаити жағалауында күші 7,2 балл болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) табиғи апаттан қаза тапқандар саны бірнеше мың адамға, тіпті ондаған мыңға жетуі мүмкін деп болжайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Талдау халықтың тығыздығы, жер сілкінісі аймағындағы ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығы және элементтердің ұқсас соққыларының салдарын зерттеу туралы мәліметтерге негізделген.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Пети-Тру-де-Нип шағын елді мекенінен солтүстікке қарай сегіз шақырым жерде болған.

CNN хабарына қарағанда, қирау мен өлім туралы алғашқы мәліметтер пайда бола бастаған, бірақ олардың нақты саны көрсетілмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети