06 шілде 2020 09:36

Ғалымдар ДДҰ-дан коронавирус жөніндегі ұсыныстарын қайта қарауды талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

32 елдің ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан өз ұсыныстарын қайта қарауды және коронавирустың ауада ұзақ уақыт бойы сақтала алатын ұсақ бөлшектер арқылы берілуін инфекция таралуының маңызды факторы ретінде тануды сұрады. Бұл туралы The New York Times жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


32 елдің ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан өз ұсыныстарын қайта қарауды және коронавирустың ауада ұзақ уақыт бойы сақтала алатын ұсақ бөлшектер арқылы берілуін инфекция таралуының маңызды факторы ретінде тануды сұрады. Бұл туралы The New York Times жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ДДҰ мәліметінше, коронавирус көбіне науқастың тыныс алу жолдарынан, мысалы жөтел, түшкіру немесе әңгіме кезінде бөлінетін ірі тамшылар арқылы таралады және қандай да бір бетке түседі. Енді ғалымдар вирустың жабық бөлмеде ауада қалатын ұсақ бөлшектер арқылы таралуы мүмкін екенін дәлелдеп отыр. 239 ғалымнан тұратын топ ДДҰ-ға ұсынымдарды қайта қарау туралы хат жіберді, келесі аптада хат ғылыми журналда жариялануы мүмкін.

Ал ұйым коронавирустың ауа арқылы берілгендігі туралы дәлелдер көңілге қонбайтынын айтты.

"Әсіресе соңғы екі айда біз бірнеше рет вирустың әуе тамшылары арқылы жұғуы мүмкін екенін айттық, бірақ ол сендіре алатын немесе тіпті айқын дәлелдермен расталмаған. Бұл мәселе бойынша айтарлықтай келіспеушіліктер бар", - деді ДДҰ инфекциялық бақылау жөніндегі техникалық басшысы Бенедетт Аллегранци.

Басылымның мәліметінше, коронавирустың ауа арқылы таралуы маңызды фактор болып есептелсе, оны тежеу үшін бірқатар жаңа шара енгізілуі қажет, оның ішінде ғимаратта әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, маска тағу, медицина қызметкерлеріне ұсақ бөлшектерді сүзетін арнайы маскалар тағу, қоғамдық орындарда ауаны желдету жүйесін, сондай-ақ вирустық бөлшектерді өлтіруге қабілетті ультракүлгін шамдарды қолдану.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети