28 ақпан 2022 16:31

Германия мен Австрия украиналықтарға Польша арқылы тегін жүруге рұқсат берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Германия мен Австрия украиналық босқындарға сапарды жеңілдетуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Brussels Time-ға сілтеме жасап.


Германия мен Австрия украиналық босқындарға сапарды жеңілдетуге шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Brussels Time-ға сілтеме жасап.

Германияның Deutsche Bahn мемлекеттік ұлттық теміржол компаниясы украиналық босқындарға арналған қосымша арнайы вагондар мен пойыздар үшін Польша теміржолдарымен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді.

©REUTERS

"Қазір украиналық төлқұжаттары немесе жеке куәліктері бар босқындар Польшадан Германияға дейінгі барлық пойызды тегін пайдалана алады. Босқындар үшін шекарада және Германия ішінде ары қарай да сапарды жеңілдеткіміз келеді", - деп түсіндірді Deutsche Bahn өкілі.

Компания федералды үкіметпен, федералды көлік, құрылыс және қала құрылысы министрлігімен, федералды және мемлекеттік органдармен, олардың теміржол серіктестерімен көршілес Польшада ғана емес, Чехия мен Австрияда да тығыз байланыста екенін айтты.

©REUTERS

Өз кезегінде Германия үкіметі украиналықтарды қабылдауға және Украинамен шектесетін елдерге, соның ішінде Польшаға жаппай көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

©REUTERS

Айта кетейік, Eurocity-дің Польшадан Германияға дейінгі 6 пойызы күн сайын жүреді. Барлығы Франкфурт - Одер шекара бекеті арқылы өтеді. 

©REUTERS

Австрияның көлік министрі Леонора Гевесслер өз кезегінде австриялық тарап OeBB public railway компаниясымен украиналықтар пойыздарда билетсіз жүре алуы үшін келісімге келгенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети