26 қыркүйек 2022 13:16

Германия мен БАӘ сұйытылған газ жеткізу ісінде ортақ келісімге келді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Германия канцлері Олаф Шольц Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) сұйытылған табиғи газ жеткізу туралы келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.


Германия канцлері Олаф Шольц Біріккен Араб Әмірліктерімен (БАӘ) сұйытылған табиғи газ жеткізу туралы келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Шольцтің Әбу-Дабиде Әмірлік шейхі Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесуінен кейін Парсы шығанағы елдерінен сұйытылған табиғи газды (СТГ) сатып алу туралы келісімге қол жеткізілген.

"Мен энергетикалық қауіпсіздік туралы бірлескен декларацияға қол қоюды құптаймын", - деді Шольц.

Неміс энергетикалық компаниясы RWE 137 000 текше метр СТГ жеткізу туралы келісімге қол қойды, ол желтоқсан айында Гамбург маңындағы Брунсбюттельдегі жаңа СТГ терминалына жөнелтіледі.

dpa ақпараттық агенттігі бірінші жеткізуге енгізілген көлем шамамен 0,95 миллиард киловатт-сағат электр энергиясына сәйкес келетінін айтты. Ресейден Германияға өтетін "Солтүстік ағын 1" газ құбыры биыл 1 ақпанда тәулігіне 1,75 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын жеткізген.

"Біз әлемде сұйытылған табиғи газдың жеткілікті түрде дамығанына көз жеткізуіміз керек. Бұл саланы Ресейде бар өндірістік қуатқа жүгінбей-ақ қанағаттандыру керек", - деді канцлер.

Украинадағы қақтығысқа дейін Берлин газдың шамамен 55 пайызын Мәскеуден сатып алған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети