30 мамыр 2022 06:38

ГФР министрі: Ресейге қарсы санкциялардан ЕО бірлігі ыдырады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ресейге қарсы санкцияларға қатысты Еуроодақтың бірлігі ыдырай бастады. Бұл туралы Германияның экономика министрі Роберт Хабек Ресейге қарсы мұнай эмбаргосы мен ресейлік энергетикаға тәуелділікті азайту жоспарларын талқылауға арналған саммитте айтты, - деп хабарлайды REUTERS агенттігі.

Саясаткердің айтуынша, Украинадағы соғыс қимылдары басталғаннан Еуроодақ елдері бірлесіп жұмыс істеді, бұл жұмыс өз нәтижесін берді.

"Ертеңгі саммитті ескеріп, бұл жұмыс жалғасады деп сенейік. Алайда, Еуроодақ елдері арасындағы бірлескен жұмыс ыдырай бастады", - деді баспасөз мәслихатында Германияның экономика министрі.

Хабек Германия басшылығын саммитте ұйымшылдықпен сөз сөйлеп, елдің басқарушы коалициясындағы келіспеушіліктерге байланысты дауыс беруден қалыс қалмауға шақырды. Ол Еуроодақтың басқа мемлекеттеріне де осындай үндеу жолдады.

"ЕО әлі де орасан зор экономикалық күшке ие. Олар біріксе біраз жұмыс нәтижелі аяқталады", - деді Хабек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети