Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Грекияда белгісіз біреу журналисті пышақтап кетті

10 Қаңтар 2015, 10:54
0
©Vichivizam.ru
©Vichivizam.ru

OK Radio грек радиостанциясының спорт бағдарламасының рекдакторы Яннис Калояннисті Грекияның Ларис қаласында тікелей эфирде белгісіз біреу пышақтап кетті, - деп хабарлайды "Вести.Ru". Студияға баса-көктеп кірген ер адам журналисті қорқытып, арқасына пышақ салады да, қашып кетеді.

Куәгерлердің айтуынша, қылмыскер студияға кіріп, пышақты столға бір қағып кіргізеді. Кейін былай дейді: "Яннис, біз қазір бағдарламаны жалғастырамыз немесе сендердің станцияларың бұдан былай жұмысын тоқтатады. Бағдарлама жалғасын табады деп жарияла". Жауап естімеген ол редакторды бірден пышақтайды. Алған жарақатына қарамастан, Калояннис бағдарламаны дұрыстап аяқтау үшін 7-10 минут бойы жүргізе береді. Ал орындықтан тұрған кезінде денесі түгелдей қан бөккен.

Пышақталған журналист ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы жәрдем көрсетілді. Ол болған оқиға жайлы полицейлерге ауруханада айтып берді. Қазіргі уақытта редактордың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Калояннистің айтуынша, оны пышақтаған адам бұған дейін де студияға келіп, радиотаратылым кезінде қиындықтар туғызып жүрген. Әзірше полиция қылмыскерді іздеп жатыр, оның аты-жөні анықталып қойды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай