09 қыркүйек 2020 14:30

Грекияда босқындардың ең ірі лагері өртеніп кетті

Дәурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: REUTERS© Фото: REUTERS©

Лесбос аралығындағы ең ірі Мориа босқындар лагері толығымен жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Лесбос аралығындағы ең ірі Мориа босқындар лагері толығымен жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша босқындар лагеріне өрт әдейі қойылған болуы мүмкін.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, лагерьде 12,8 мыңнан аса адам тұрған. Онда коронавирус инфекциясының 35 дерегі тіркелген соң, өрт басталған. Лагерь бір апта бойы карантинде болған. 

"Мориа лагері өртеніп жатыр. Ал көптеген босқын мен мигрант тауды паналаған. Көбісі қалаға кетіп жатыр. Полиция бұл аймақты қоршауға алды", - деп хабарлайды ERT телеарнасы.

Грекияның өрт сөндіру қызметі түнде лагерьдің аумағында бірнеше өрт ошағы тіркелгенін айтады. Өртті сөндіруге тәртіп сақшыларының көмегімен 25 маман мен 10 көлік жұмылдырылған.

"Өрт босқындар мен мигранттарды қабылдау және сәйкестендіру орталығында басталды. Қазіргі таңда билік лагерьдегі адамдарды эвакуациялауға кірісті. Кейбір ақпаратқа сәйкес, "лагерьде 35 адам коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. COVID-19 жұқтырды деп күдікке ілінгендердің отбасы мүшелері және олармен байланыста болғандар оқшаулануы керек" деген мәліметтен соң онда өрт шыққан", - деп хабарлайды ERT телеарнасы.

Өрт сөндіру қызметі басшысының айтуынша, куәгерлердің дерегінше, бір мезгілде 10 өрт ошағы тіркелген. Мамандар өртті сөндіру кезінде қарсылықтарға тап болған.


Фото: REUTERS©

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети