07 мамыр 2020 17:44

Грузия 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Грузияның премьер министрі Георгий Гахария коронавирус пандемиясынан кейін ел 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости


Грузияның премьер министрі Георгий Гахария коронавирус пандемиясынан кейін ел 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайтынын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"1 шілдеден бастап Грузия шетелдік туристерді қабылдай бастайды. Мұны біз құрлықтағы шекараларда көршілес елдермен қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ете отырып, сондай-ақ біз үшін туризм жағынан қызықт елдердің екіжақты келіссөздері тұрғысынан қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ете отырып да жасаймыз. Грузия шетелдік қонақтарды қабылдау үшін өз шекаралары мен инфрақұрылымын ашатын алғашқы елдердің бірі болады", - деп мәлімдеді премьер.

Оның айтуынша, барлық тиісті ұйым бір ай ішінде дайындық жақсы болуы үшін мұқият жұмыс істеуі тиіс.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, Грузияда жалпы 615 адам коронавирус жұқтырған. Оның 275-і ем алып, аурудан айығып шыққан. Сондай-ақ тоғыз адам вирус құрбаны болған. 

Грузияда төтенше жағдай режимі 22 мамырға дейін, сондай-ақ 21:00 мен 06:00 аралығына комендант сағаты енгізілген. Елдің төрт қаласы: батуми, Кутаиси, Рустави және Тбилиседе қозғалыс сәуірдің ортасынан шектелген.  

11 мамырдан бастап Тбилиси толығымен ашылады. Кіріп-шығуға арналған шектеулер алынады. 14 мамырдан бастап Рустави және Гардабани, ал 18 мамыр Марнеули қаласы ашылады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети