01 тамыз 2021 10:33

Грузия спортшылары шектеу шараларын бұзғаны үшін аккредитациясынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters© Фото: Reuters©

2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузин спортшыларын Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik-Грузия" басылымына сілтеме жасап.


2020 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті грузин спортшыларын Олимпиада ауылынан рұқсатсыз шыққаны үшін аккредитациясынан айырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Sputnik-Грузия" басылымына сілтеме жасап.

Грузияның екі дзюдошысы - Важа Маргвелашвили мен Лаша Шавдатуашвили Олимпиадаға қатысу аккредитациясынан айырылып, коронавирусқа қатысты шектеулерді бұзғаны үшін еліне қайтарылған.

Токиодағы ойындарды ұйымдастыру комитетінің мүндай түбегейлі шешіміне екі спортшының Олимпиада ауылынан өз еркімен шығып, Токиодағы көрікті жерлерді аралауға кеткені себеп болған. Хаттама бойынша спортшыларға белгіленген аумақтан шығуға қатаң тыйым салынған.

Дзюдодан Олимпиада турнирі аяқталды, ал Маргвелашвили мен Шавдатуашвили сәйкесінше 66 және 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған.

Ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тосиро Мутоның айтуынша, Токиодағы ойындар кезінде сегіз спортшының аккредитациясы қайтарылған.

"Грузия елшілігі кешірім сұрап, хат жариялады. Олар көрікті жерлерді аралау үшін ауылдың сыртына шықты. Бұл - ойын-сауық ережелерін бұзу", - деді Муто журналистерге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети