Гүлнара Каримова көпшілік алдында мәлімдеме жасамақшы - БАҚ

29 Қараша 2016, 00:17
0
Гүлнара Каримова көпшілік алдында мәлімдеме жасамақшы - БАҚ - © vchas.bg
© vchas.bg

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова 2014 жылдан бастап бірінші рет "жарыққа шығатынын" жариялаған. Ол 30 қарашада әкесін еске алу кешінде мәлімдеме жасамақшы, - деп хабарлайды REGNUM порталы оның Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап. 

"30 қарашада сағат 13.00-де жастарды менің әкемді еске алуға шақырамын... Мен министрліктің форумға арналған залында сөз сөйлейтін боламын. Қолдаңыздар мені! - деп жазды Каримова. Осыған дейін ол әкесімен түскен суретін жариялаған болатын. 

Сонымен қатар, ол 30 қарашада жаңа фильмі мен жаңа әнінің тұсаукесері болатынын жазған болатын. 

Өзбекстанның қайтыс болған президенті Ислам Каримовтің қызы қайтыс болды делінген ақпаратты жариялаған болатын. Бұл ақпаратта БАҚ Өзбекстан арнайы қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасап Каримова 5 қарашада уланып қайтыс болған, сол күні ол Ташкенттегі "Минор" зиратында жерленді деп жариялаған. Әкесімен араз болып, басы дауға қалған өзбектің ерке қызы Гүлнәра Каримова соңғы мәліметтерде үй қамағында екені айтылып жүрген. Енді, "Өзбекстанның бірінші президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова тірі", - деп хабарлады РИА Новости Каримовтар отбасымен жақын араласатын дереккөзге сілтеме жасап. "Гүлнара Каримова тірі, ол қайтыс болды деген мәлімет жалған", - деді агенттіктің дереккөзі. Бірақ ол оның қазіргі уақытта қайда екенін айтқан жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай