02 наурыз 2020 20:41

"Халықтан, үкіметтен кешірім сұраймын" - секта басшысының Кореяда коронавирус таралуы туралы мәлімдемесі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

2 наурызда оңтүстіккореялық Синчхонджи діни сектасының лидері Ли Ман Хи жұрт алдында тізерлеп, коронавирус таралғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rappler басылымына сілтеме жасап.


2 наурызда оңтүстіккореялық Синчхонджи діни сектасының лидері Ли Ман Хи жұрт алдында тізерлеп, коронавирус таралғаны үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rappler басылымына сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея билігінің мәліметінше, ел орталығында коронавирустың таралуына дәл осы Синчхончжи жолын қуушылар себеп болған. 10 ақпанда шіркеуге келуші 61 жастағы әйелдің қызуы көтерілген, бұл коронавирустың салдары болып шыққан. Мұның алдында ол төрт бірдей шіркеуге барған, осылайша Синчхонджи діни сектасы Тэгудағы эпидемияның ошағы болған. Бұл - елдегі ең ірі мегаполистердің ішіндегі төртінші орындағы қала, 2,5 миллион адам тұрады. Бүгінде сектадағы адамдардың жақын отырып діни рәсім орындауынан COVID-19 жұқтырғандардың саны ел бойынша 4 мың адамнан асып отыр.

Енді Сеул қаласы үкіметі прокурорлардан Ли Ман Хиге және сектаның тағы 11 лидеріне қатысты әріптестікке ниеті жоғына байланысты айып тағуды сұрап отыр. Кей мәлімет бойынша, ауру жұқтырған сектанттар медициналық мекемелердің айтқанын тыңдамаған, ал туыстары мен достары дәрігерлерді үйге кіргізбей қойған.

"Шіркеу мүшелерінің атынан халықтан шын көңіліммен кешірім сұраймын. Қасақана жасамадық. Барымызды салуға тырыстық, бірақ эпидемияны тоқтата алмадық. Халықтан, үкіметтен кешірім сұраймын", - деп мәлімдеді сектаның 88 жастағы лидері Ли Ман Хи камера алдында екі мәрте тізерлеп.

Ол шіркеудің барлық жағынан қолдау көрсетіп, көмектесетінін, тіпті зардап шеккендер мен үкіметке рухани да, материалдық та көмегін аямайтынын мәлімдеді.

2 наурыздағы жағдай бойынша Оңтүстік Кореядада коронавирусты 4212 адам жұқтырып, 26 адам қайтыс болған. Ауыр жағдайда жатқандары да бар.

Айта кетейік, бұл елде, премьер-министр Ералы Тоғжановтың мәліметінше, 35 мыңға жуық қазақстандық бар, сондықтан Қазақстан бұл елмен әуе хабарламасын тоқтатпайды. "Біз оларға отанына оралуға мүмкіндік беруіміз керек", - деді Тоғжанов үкіметтегі брифингте.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети