28 сәуір 2014 16:13

Харьков мэріне қастандық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Кернес. ©РИА Новости Геннадий Кернес. ©РИА Новости

Харьков мэрі Геннадий Кернес өзіне жасалған қастандық кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости қаланың ресми сайтына сілтеме жасап.


Харьков мэрі Геннадий Кернес өзіне жасалған қастандық кезінде жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости қаланың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Бүгін, сағат 12.00 шамасында Геннадий Кернеске шабуыл жасалды. Харьков қаласы басшысының арқасына оқ тиді. Қазір ол аурухананың операция үстелінде жатыр. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр", - делінген хабарламада. 

"Харьков" жаңалықтар агенттігі шабуыл жасалған уақытта қала мэрінің Харьковтың іргесіндегі Саржин Яр сайында велосипед теуіп жүргенін хабарлайды. Бұған дейін Кернес әлдекімдердің өзін және оның отбасын, балаларын үнемі қорқытып тұратынын айтқан.

Украина Ішкі істер министрлігінің Харьков облысындағы бас басқармасының баспасөз қызметі мэрге шабуыл жасалған жерде милицияның жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енген. 

Айта кетейік, бұған дейін 28 сәуірге қараған түні жергілікті милицияның елдің федерализациялануын жақтайтын 13 белсендіні ұстағаны хабарланған еді. Ал мұның алдында Харьковте "Металлист" және "Днепр" футбол командаларының кездесуі алдында елдің жаңа билігіне көзқарасы кереғар екі топтың митингі өтіп, оның арты жаппай төбелеске ұласқан. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети