31 желтоқсан 2020 10:05

Ингуштың екі тайпасы Қадыровқа видеоүндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fortanga.org © fortanga.org

Ингуштың екі тайпасының өкілдері Тимурзиевтер мен Султыговтар Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Грозныйда бір күн бұрын өлтірілген Ингушетияның тумалары террорист екені туралы дәлелдер жариялауды талап етіп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды "Кавказский узел"


Ингуштың екі тайпасының өкілдері Тимурзиевтер мен Султыговтар Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровқа Грозныйда бір күн бұрын өлтірілген Ингушетияның тумалары террорист екені туралы дәлелдер жариялауды талап етіп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды "Кавказский узел"

Видеода он шақты адам отырады. Ортасында отырған ер адам ингуш тілінде сөйлейді. Видеоүндеу авторлары қаза тапқандардың денесін беруді талап етеді.

"Өлтірілгендер - бұл біздің адамдар, егер олар сіз айтқандай террорист болса, дәлел келтіріңіз", - деді ер адамдардың бірі.

"Фортанга" мәліметінше, 28 желтоқсанда Грозныйдағы Путин даңғылында Ингушетияның тумалары - ағайынды Тимурзиевтер өлтірілді, олар 2012 жылы Шешенстанға көшіп, наубайханалардың бірінде жұмыс істеген. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров оларды "террористер" және олар полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады деп мәлімдеді. Алайда бұл нұсқа әлеуметтік желі қолданушылар арасында күмән тудырды, олар жастарды полицияның өздері арандатуы мүмкін деп болжап отыр.

Желі қолданушылары Шешенстан билігінен бейнебақылау камераларының жазбаларын жариялауды сұрайды.

"Бейнебақылау камералары жұмыс істеді ме? Мүмкін шабуыл емес, жанжал болған шығар? Бұл жерде бір нәрсе дұрыс емес", - деп жазды қолданушылардың бірі Instagram желісіндегі "Грозный" телекомпаниясының парақшасында.

Осыдан кейін Шешенстан Парламентінің спикері Магомед Даудов пен республика басшысы Рамзан Қадыровтың өзі ингуш тайпаларының талабына жауап берді.

Даудов Instagram желісіндегі парақшасында видеоүндеу жариялап, онда ол екі ингуштың өкілдерін Шешенстан Парламентіне шақырып, өлгендердің террористерге қатысы бар екені туралы дәлелдер келтіріп, денелерін беруге уәде берді.

Сондай-ақ, спикер оларға "қанды кек болатынын" ескертті, өйткені Грозныйдағы қарулы оқиға кезінде күш бөлімінің қызметкері қаза тапқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЛОРД (@lord_095)

Ал Қадыров өз кезегінде республиканың құқық қорғау органдарының басшылығына Грозныйда қаза тапқан Ингушетияның екі тұрғынының туыстарының мәлімдемесін терроризмге қаншалық көмектескенін тексеруді тапсырды.

"Грозныйдың орталығында жолдастарымыздың бірі өлтірілді, тағы біреуі жараланды. Алланың жаулары бұл зұлымдықты жасады, олардың туыстары жауапсыз мәлімдемелер жасауға болады деп ойлайды... олар өлтірілген жігіттің туыстарына көңіл айтпады, бұл бәріміз үшін ауыр қайғы... Осыдан кейін ғана олар мәлімдемелер жасайды... Мұндай мәлімдеме жасайтындар бұл терроризмді қолдау екенін, сондықтан заңға сәйкес жауап беруі керек екенін түсінуі керек... Мен ішкі істер министрлігінің, Ресей гвардиясының және Шешенстандағы прокуратураның басшылығына жүгінемін, заңға сәйкес осы бағытта қажет жұмыстарды жүргіземін", - деді Қадыров Грозныйдағы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Грозныйдағы шабуылға ер адамдардың бірінің маска тақпауы себеп болды деген қауесеттер тарап жатыр.

"Бұл жалған. Ол адамдарды шақырып, барлық қажет дәлелдерді көрсетіп, олармен заңға сәйкес әрі қарай жұмыс істеу керек", - деді Қадыров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети