Иран Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасалғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасалғанын мәлімдеді Фото:depositphotos.com

Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) Иран аумағына жасалған әуе соққыларына жауап ретінде Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


ИРСК мәлімдемесінде Иранның Әскери-теңіз және Әскери-әуе-ғарыш күштері бірлескен зымыран-дрон операциясын жүргізгені, оның барысында АҚШ-тың 85 әскери нысанына шабуыл жасалғаны айтылған. Атап айтқанда, Бахрейндегі Салман порты мен АҚШ-тың Бесінші флоты орналасқан аудандағы және Кувейттегі Али-әс-Салем авиабазасындағы нысандар нысанаға алынды.

Сонымен қатар ИРСК өкілдері операция кезінде америкалық MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгенін алға тартты.

Мәлімдемеде бұл операция Иранның Хормозган провинциясы мен Махшехр қаласындағы бірқатар нысанға АҚШ-тың жасаған әуе соққыларына қайтарылған жауап екені де айтылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Америкалық әскерилер Иран нысандарына бірқатар соққы жасады, бұл 7 шілдеде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап болды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің Ирандағы 80-нен астам нысанды жойғанын хабарлады.

Осыдан кейін Иран Қарулы күштерінің "Хатам әл-Анбия" орталық штабы Тегеранның АҚШ-қа Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайға және оны басқару ісіне араласуға жол бермейтінін мәлімдеді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +41
Астана +34
Ақтау +31
Ақтөбе +22
Атырау +26
Б
Балқаш +36
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +30
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +39
Қызылорда +31
П
Павлодар +29
Петропавл +29
С
Семей +41
Т
Талдықорған +43
Тараз +46
Түркістан +25
О
Орал +32
Ө
Өскемен +45
Ш
Шымкент +36

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер