11 қараша 2022 11:34

Иран жоғары байытылған уран қорын ұлғайтуды жалғастырып жатыр - АЭХА

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:iaea.org Фото:iaea.org

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Иран жоғары байытылған уран қорын одан әрі ұлғайтты деп алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.


Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Иран жоғары байытылған уран қорын одан әрі ұлғайтты деп алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

АЭХА Тегегран агенттік шенеуніктерінің ядролық нысандарға кіруіне кедергі келтірді деп сынады. Агенттіктің есебінде Иранның байытылған уран қоры 267,2 келіге азайғаны айтылған. Қазір оның салмағы - 3 673,7 келі, бұл келісім бойынша рұқсат етілген 202,8 келіден әлдеқайда көп.

"Қазіргі жағдай неғұрлым ұзаққа созылса, бұл белгісіздік соғұрлым жоғары болады", - делінген БҰҰ бақылаушы ұйымының жаңа баяндамасында.

Сондай-ақ, АЭХА Тегеранда үш жерде табылған уран бөлшектерінің шығу тегі туралы әлі де түсініктеме күтетінін айтты, ол туралы жарияланбаған. Бұл мәселе Иран мен Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеу жөніндегі 2015 жылғы келісімді қайта жандандыруға ұмтылған әлемдік державалар арасындағы келіссөздердегі негізгі кедергі болды.

Иран АЭХА-дан бұл мәселені зерттеуді тоқтатуды талап еткенімен, БҰҰ агенттігі барлық ядролық материалдардың есебін беруі үшін жауап керек екенін айтты.

АЭХА басшысы Рафаэль Гросси әлі күнге дейін шешілмеген қауіпсіздік мәселелерін нақтылау мен шешуде ілгерілеушілік жоқтығына қатты алаңдайтынын жеткізді.

"Жоғары лауазымды шенеуніктер айдың аяғына дейін Тегеранға техникалық сапар жасайды және сенімді түсініктемелерді, оның ішінде орындар мен материалдарға қолжеткізуді күтеді", - делінген ұйымның есебінде.

БҰҰ-ның бақылау органы 2021 жылдың басынан бастап, ел билігі кіруді шектей бастағаннан бері Иранның ядролық бағдарламасын тиісті түрде қадағалай алмайтынын бірнеше рет ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети