Иран мен АҚШ келіссөздері тоқтағаны туралы хабарламадан кейін мұнай бағасы шарықтап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран мен АҚШ келіссөздері тоқтағаны туралы хабарламадан кейін мұнай бағасы шарықтап кетті

Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт ушығуы аясында әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады. Trading Economics мәліметтері бойынша, 1 маусымда Brent маркалы мұнай бағасы бір күнде 6,5 пайызға өсіп, барреліне 97,05 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт ушығуы аясында әлемдік мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады. Trading Economics мәліметтері бойынша, 1 маусымда Brent маркалы мұнай бағасы бір күнде 6,5 пайызға өсіп, барреліне 97,05 долларға дейін көтерілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Бағаның өсуіне Иранның Tasnim агенттігі таратқан Тегеранның АҚШ-пен келіссөздерді тоқтататыны туралы хабарлама түрткі болды. Бұған Израильдің Ливан мен Газадағы әскери операциялары себеп ретінде көрсетілген.

Бұған дейін Израиль армияға Бейруттың оңтүстік маңындағы "Хезболланың" позициялары нығайған Дахия ауданындағы нысандарға шабуыл жасауды тапсырған болатын. Израиль тарапы бұл әрекетті елдің солтүстігіне жасалған шабуылдар мен бітімгершілік режимін бұзуға қайтарылған жауап деп мәлімдеді.

Баға қалай өзгерді?

Trading Economics мәліметінше, Brent бағасы барреліне 97,05 долларға дейін көтерілді. Бұл өткен күнмен салыстырғанда 6,5 пайыз жоғары.

The Wall Street Journal басылымы да мұнай бағасының шарықтағанын жазды: WTI 6,5 пайыз өсіп, барреліне 93,03 долларға, ал Brent 5,5 пайыз өсіп, 96,13 долларға жетті.

Неге нарық бұлай әрекет етті?

Нарықтағы дүрбелеңнің басты себебі - қақтығысқа Иран тікелей араласып, соғыс ауқымы кеңейіп кете ме деген қауіп. Сондай-ақ Tasnim агенттігі Иран мен оның жақтас күштері Ормуз бұғазын жауып тастап, Баб-эль-Мандеб бұғазы аймағындағы іс-қимылдарды жандандыру мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.

Ормуз бұғазы - әлемдік мұнай саудасындағы негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан бұл аймақтағы кеме қатынасына төнген кез келген қауіп мұнай бағасына бірден әсер етеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.56   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +21
Ақтау +20
Ақтөбе +12
Атырау +20
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +26
П
Павлодар +17
Петропавл +24
С
Семей +23
Т
Талдықорған +27
Тараз +28
Түркістан +14
О
Орал +17
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер