16 тамыз 2022 09:12

Иран өкілі жазушы Салман Рушдиге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Иран британдық жазушы Салман Рушдидің өміріне жасалған қастандыққа қатысы барын жоққа шығарды. Бұл туралы Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Нью-Йорк штатында лекция оқуға дайындалып жатқан 75 жастағы ер адам сахнада мойны мен ішінен пышақ жарақатын алған.

"АҚШ-та Салман Рушдиге жасалған шабуылға байланысты, біз оның өзі мен жақтастарынан басқа ешкімді кінәлі немесе кінәлауға лайық деп санамаймыз", - деді Канаани.

"Ирандық жазушыға қастандық жасады деп айыптауға ешкімнің құқығы жоқ", - деді дипломат.

Салман Рушди көптеген әдеби сыйлықтардың, соның ішінде Букер сыйлығының иегері. Жазушы "Сатанинские стихи" романы жарық көргеннен кейін 30 жылдан аса  уақыт бойы өлім қаупімен өмір сүрді. Көптеген мұсылман оның кітабын дінді қорлау деп есептеген.

1989 жылы Иранның жоғарғы жетекшісі Рушдиді өлім жазасына кесу туралы фетва (діни бұйрық) шығарған. Жазушының агенті Рушди көзінен айырылып қалуы әбден мүмкін екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети