07 наурыз 2020 17:30

Иран парламентінің депутаты коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Iranian Red Crescent Society Сурет: Iranian Red Crescent Society

Иран парламентіне кіруге тиіс болған депутат Фатима Рахбар коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иран парламентіне кіруге тиіс болған депутат Фатима Рахбар коронавирустан қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ирандық БАҚ-тардың хабарлауынша, Рахбар биыл 21 ақпанында парламенттің он бірінші шақырылымда өткен сайлау қорытындысы бойынша Тегеран өкілі ретінде таңдалған. Оның депутаттық жұмыста тәжірибесі бар, Рахбар жетінші, сегізінші және тоғызыншы парламент шақырылымының құрамына кірген.

Қазіргі уақытта Иран билігі 19 ақпанда коронавирус туралы алғаш рет хабарлағаннан бері вирус жұқтырған 4747 адам тіркелген, оның 124-і қайтыс болды. Коронавирус Иранның барлық провинциясына жетті. Ауруға шалдыққандардың көбі Тегеран қаласында. 

Иран билігі вирустың таралуын азайту үшін түрлі шара да қабылдап жатыр, мысалы, оқу орындарында "жаңа жылға" (Ноуруз) дейін сабақ болмайды. Иранда ол 20 наурызда басталады, одан кейін - жаңа жылдық демалыс болады. 

Сондай-ақ, билік өкілдері де іс-шараларды видеоконференция форматында өткізуге біртіндеп көшіп жатыр. Сонымен қатар, мәдени және спорттық іс-шаралар тоқтатылды, ал футбол ойындары кешірек уақытқа ауыстырылды.

Иранда коронавирусқа күдікті адамдардың қозғалысы шектелді. Ауру белгілері байқалса, олар келген қаласына 14 күнге карантинге жатады. Діни рәсімдерге де шектеу қойылды: жұма намаз тоқтатылды, шииттік ғибадатханаларға бару азайды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети