08 қаңтар 2020 14:06

Иранда құлаған украиналық ұшақ сынықтарынан студенттің жазбасы табылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com/Iranian_RCS © twitter.com/Iranian_RCS

Құтқарушылар Имам Хомейни әуежайының маңында құлаған украиналық ұшақтың қирандылары арасынан ирандық студенттің жазбасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Telegram мессенджеріндегі Мash арнасына сілтеме жасап.

Жазбада ол Құдайдан емтиханын сәтті тапсыру үшін көмек сұраған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың көбі канадалық студенттер болған. Олар украиналық әуе жолын арзан болғандықтан таңдапты. Студенттер 8 қаңтарда таңертең Рождествоға берілген демалыстан кейін оқуға оралмақ болған.

Бұған дейін әуе апатынан жеті елдің, соның ішінде Канада, Иран, Украина, Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстан азаматтары қаза тапқаны белгілі болған.

Boeing 737 бортында барлығы 168 жолаушы және тоғыз экипаж мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети