02 мамыр 2021 15:43

Ирандағы химиялық зауытта жарылыс болды. Зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Иранның Кум қаласындағы химиялық зауытта алапат өрт пен жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иранның Кум қаласындағы химиялық зауытта алапат өрт пен жарылыс болды. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды РИА Новости.

Зауытта өрт шығып, кейін бірнеше жарылыс болған, оқиға орнына 150 өрт сөндіруші мен 20 техника жұмылды. Зауыттың бір бөлігі эвакуацияланды.

Провинцияның өрт сөндіру қызметінің өкілі Хамид Курейми Fars агенттігіне өртте екі өрт сөндіру көлігі зақымданғанын және екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алғанын айтты.

"Өрт сөндірілді, біз оның басқа қоймаларға таралуына жол берген жоқпыз, әйтпесе өндірістік аймақта одан да үлкен өртті көрер едік", - деді Курейми.

Еске салайық, сенбіде Душанбенің батысындағы жанармай бекетінде жарылыс болған еді. Өрт бағанасы кем дегенде 50 метр биіктікке жеткен. Кем дегенде 15 адамзардап шеккені хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети