Иранға іссапармен барған Путин келеңсіздікке тап болды

08 Қыркүйек, 10:40
0
© AP Photo/Presidential Press Service
© AP Photo/Presidential Press Service

Тегеранда Владимир Путиннің ирандық және түркиялық әріптестері Хасан Руханимен және Реджеп Тайып Ердоғанмен өткізген келіссөздері барысында келеңсіздік болды, оның салдарынан келіссөздердің жабық бөлімінде қаралатын мәселелер тізімі белгілі болды. Бұл туралы "Коммерсантъ" жазды.

"Біз баспасөз конференцияларына арналған залға ауыстық, мен жаңа құлаққап алдым, оларда - апыр-ай! - деп жалғасты отырыстың жабық бөлімінің трансляциясы және ол орыс тіліндегі аудармада болған", - деп жазылды мақалада. Тағы бір келеңсіздік бұған дейін болды - ұйымдастырушылар үш лидердің сөз сөйлеген кезін тікелей эфирде көрсетіп, Путин мен Ердоған сөйлегенде дыбыс өшіп қалған.

Айта кетейік, Владимир Путин 7 қыркүйекте Тегеранға ресми іссапармен барды, ол жерде Сириядағы жағдайды реттеу мәселелері бойынша үш жақты саммит өтті - Ресей - Иран - Түркия.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай