25 шілде 2016 14:33

iРhone-ды құлыптан шығару үшін өлген адамның саусағы 3D-принтерден шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© metro.co.uk © metro.co.uk

АҚШ-тағы Мичиган штатының құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3D-принтерден шығаруға ерекше тапсырыс жасаған: оларға қаза тапқан адамның саусағының көшірмесі телефонды құлыптан шығару үшін керек болған. Полицейлер қай саусағының келетіндігін білмегендіктен, тапсырысты барлық он саусағына көшірме жасауды сұраған, - деп хабарлайды Metro.

Полицейлер телефон өндіруші компанияға хабарласқаннан гөрі, Мичиган университетінің биометрия профессорына хабарласып 3D-принтерден қайтыс болған адамның саусағының көшірмесін жасап беруді сұраған. Полицейлер қаза тапқан адамның смартфонынан оны өлтіргендер туралы мәлімет табатынына сенімді.

Полицияда қайтыс болған адамның тірі кезінде алынған саусақ іздерінің көшірмесі болған. Құқық қорғау қызметкерлері ол айғақтарды зертханаға берген және профессор он саусағының да көшірмесін жасап шығарған. Алайда көшірменің қалай жасалғандығын айтпады, себебі тергеу ісі әлі аяқталмапты.

2015 жылы ФТБ (Федерал тергеу бюросы) өкілдері Сан-Бернардино қаласында атыс ұйымдастырған Сайеда Фаруканың телефонын құлыптан шығаруды өтініп Apple компаниясынан көмек сұраған, ал олар мұндай қадамға, яғни өз клиенттерінің телефонын ашып бере алмайтынын хабарлаған. Осыдан кейін құқық қорғау қызметкерлері бұл компанияға осы мәселе бойынша сұраныс жасауды қойған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети