Ислам Каримовте болған ислам жәдігері мешітке табысталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Минор" мешіті © Photosight.ru "Минор" мешіті © Photosight.ru

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовте болған қисуа (Қағбаның қара түсті жібек жабындысы) Ташкенттегі "Минор" мешітіне тапсырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовте болған қисуа (Қағбаның қара түсті жібек жабындысы) Ташкенттегі "Минор" мешітіне тапсырылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Тұңғыш президенттің жесірі Татьяна Каримова мен қызы Лола Каримова-Тилляева "Минор" мешітінде болып, қасиетті жәдігерді сыйға тартқан. Қисуаны Ислам Кәрімов 1992 жылы Меккеге барғанда Сауд Арабиясының королі Фахд сыйға тартқан.

Өткен жұмада Ташкентте Өзбекстанның тұңғыш президентінің құрметіне аталған "Ислом ота" мешіті жөндеуден кейін ашылды. Жөндеу жұмыстары Лола Каримова мен оның күйеуі бизнесмен Тимур Тилляевтың қаржысымен жүргізілді.

Еске салайық, Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов 2 қыркүйекте 78 жасында жүрек талмасынан көз жұмды. Ол өзінің туған жері Самарқан қаласында мұсылмандық рәсімдер бойынша жерленді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer