21 қаңтар 2019 12:16

Израиль Дамаскідегі ирандық күштерге бір тәуліктің ішінде екі рет соққы жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Израиль Дамаскіге құрлықтан және әуеден зымыранмен соққы жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости SANA-ға сілтеме жасап.


Израиль Дамаскіге құрлықтан және әуеден зымыранмен соққы жасаған, - деп хабарлайды РИА Новости SANA-ға сілтеме жасап.

Бірінші соққыны Израиль мемлекетінің ӘӘК-нің төрт F-16 ұшағы басқарылатын зымырандармен жасаған. Зымыран ұшыру 20 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 13:32-де Жерорта теңізі акваториясынан жасалған.   

Израильдің әуе соққысы Дамаскінің оңтүстік-шығысында орналасқан ең үлкен әуежай Дювалиге бағытталғаны хабарланып отыр. Әуежайдың инфроқұрылымы бұзылмаған және жапа шеккендер жоқ. Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жеті зымыран жойып, соққыға тойтарыс берген.

Жаңа жарылыстар жергілікті уақытпен 21 қаңтарда сағат 1.10 мен 5.10 аралығында естілген. Осылайша, шабуыл шамамен 50 минуттай жалғасқан. Ikhbariya мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, ӘШҚ оншақты израильдік нысандарды құлатқан.

Телеарнаның хабарлауынша, шабуыл барысында әртүрлі қару-жарақ қолданылған. Зымырандар Ливан әуе кеңістігінен Израильдің солтүстігіндегі Галилей жағынан және Тивериад өзені аумағынан ұшырылған.

Израильдік әскер өз жағынан дүйсенбіге қараған түні ирандық Сирия аумағында орналасқан "Әл-Кудс"  бөлімшесінің нысандарына соққы жасайтынын айтқан. Ирандық күштерге бастырмалатқан шабуылдың алдында көршілес Израильде саяхатшыларға арналған жалғыз Хермон тау-шаңғы шипажайы жабылған. Сириямен шекаралас жерлерде қосымша қауіпсіздік шаралары жүргізілмеген. Израильдің премьер-министірі Биньямин Нетаньяху, еврей халқының саясаты бойынша Иранның АРО-да әскерлерінің ораналасуына қарсы күш көрсетілетінін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети