22 маусым 2014 12:39

Израиль ұшақтары Газа секторын тағы да атқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды. Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынды.

Израиль ұшақтары Газа секторын тағы да атқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Газета.Ру" басылымына сілтеме жасап.


Израиль ұшақтары Газа секторын тағы да атқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Газета.Ру" басылымына сілтеме жасап.

Израиль әскери-әуе күшінің ұшақтары оңтүстік Израильдегі зымыран шабуылына жауап ретінде палестиналық ланкестер бекінген Газа секторын атқылаған.  Израильдық әуе-күші Газа секторының үш нысанын, яғни оңтүстік және орталық бөліктерін жойды. Тапсырманы орындаған барлық ұшақтар әскери базаға аман оралған. 

БАҚ таратқан мәліметке сүйенсек, 21 маусым күні ланкестер оңтүстік еуропалық мемлекеттің Шаар ха-Негев ауданына екі зымыран жіберген. Бірақ, снарядтар ешкім тұрмайтын бос жерге түсіп, ешкім зардап шекпеген.  Десек те, осындай операция кезінде израилдік әскерилер 6 палестиналықты жаралаған болатын.  

Естеріңізге саламыз Израиль әскерінің дәл осындай операциясы 6 сәуір күні жасалған еді. Израиль аумағына ұшырылған зымырандарға жауап ретінде Израиль әскерилері Газа секторы маңындағы нысандарды атқылаған-ды. Сол кезде палестиналық әскерилерді әуеқақтығыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін хабарлаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети